«Әйелдің көркем діни бейнелері» атты тәрбиелік іс-шара
23-ақпан күні сағат 13:00 де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті 410 аудиторияда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мұқан Нұрзат дінтану мамандығының 3-курс студенттерімен «Әйелдің көркем діни бейнелері» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шарада көркем жаратылыстың ішінде тәні нәзік, жаны сұлу болған, ол – әйел. Оның күштілігі – оның әлсіздігінде. Әйел неғұрлым нәзік болса, оның бейнесі соғұрлым көркемдене түсетіні айтылды.

Басылым күні : 23.02.2023






