«Мәдениеттің морфологиясы мен анатомиясы және олардың мәдениет құрылымын зерттеудегі маңыздылығы» тақырыбында ашық семинар сабағы
2023 жылдың 20.02 күні дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Дүйсенбі Динара Темірбайқызының жетекшілігімен «Халықаралық қатынастар» мамандығының 1-курс студенттеріне «Мәдениеттің морфологиясы мен анатомиясы және олардың мәдениет құрылымын зерттеудегі маңыздылығы» тақырыбында ашық семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағы барысында мәдениеттілік пен өркениеттілік, адам және мәдениет, мәдениеттер типологиясы сынды т.б. сұрақтар қарастырылып, «Шығыс пен Батыс: мәдениеттер сұхбаты» тақырыбы аясында студенттер арасында топтық дискуссия жүргізілді.

Басылым күні : 21.02.2023






