«Діни сенімді психологиялық негіздеу» тақырыбында ашық семинар сабағы

2023 жылдың 15.02 күні дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Дүйсенбі Динара Темірбайқызының жетекшілігімен Дінтану мамандығының 3-курс студенттеріне «Діни сенімді психологиялық негіздеу» тақырыбында ашық семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағы барысында психологиядағы сенім феномені, діни сенімнің ерекшеліктері, сенім конфликтілері және т.б. сұрақтар қарастырылды. Сабақтың мақсаты: діни сенімнің психологиялық негіздемелері туралы толыққанды көзқарас қалыптастыру.

Басылым күні :  17.02.2023