«Мәдениеттану» мамандығының қыр-сыры» атты ашық талқылау
14 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Кудерина Айжан Нұрхамитқызы және Кудайбергенов Сергазы Ережепұлының ұйымдастыруымен Халықаралық қатынастар факультетінде «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 1-курс және 4-курс студенттерінің қатысуымен «Мәдениеттану» мамандығының қыр-сыры» атты ашық талқылау кездесуі өтті.
Кездесуде мәдениеттану мамандығының 4-курс студенттері студенттік өмірден өз тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестерін айтты. Жиында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, университеттік/республикалық байқаулар және шетелде академиялық мобильділік бойынша білім алу туралы қажетті ақпараттар сөз болды. Кездесу соңында мәдениеттану мамандығына бітіруші мектеп түлектерін шақыру бойынша, профориентациялық жұмыстар талқыланды.







