«Бақыт деген не?» атты іс шара

 10-ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті 126 аудиторияда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, доцент м.а., PhD Мұқан Нұрзаттың дінтану мамандығының 1-курс студенттерімен ұйымдастырылған «Бақыт деген не?» атты іс шара өткізілді. Аталған іс-шарада ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жалғаса бермек. Мұқағали – мәңгілік өмір.

Басылым күні :  12.02.2023