"Қазақ десе Абай түсер есіңе»

 

 

 

 2015 жылдың 29 сәуірінде дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Қазақ десе Абай түсер есіңе» атты тәрбиелік шара өткізді.

Студенттер әртүрлі тілдерде Абайдың поэзиясын оқып, әндерін шырқады. Кешті тамашалаған факультетіміздің оқу, әдістемілік және тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары Әлқожаева Нұрсұлу Сейткерімқызы осындай игі шараларды жиі өткізу керектігін және шараның әлі жалғасын табары сөзсіз деген пікірін айтты.

 Жауаптылар: Кафедра доценті М.Б. Аликбаева және «Мәдениеттану» мамандығының 1-курс магистранттары А.У.Айниязова және С. Құдайбергенов

 

 

 

Басылым күні :  04.05.2015