Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті спорттық жарыстан жеңіспен оралды
23-24 қаңтар күндері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен еркін күрестен 2003-2005 жылғы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу үшін Алматы облысының чемпионат жарысы өтті.Жарысқа Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «6B02203-Дінтану» мамандығының 1-курс студенті Қанжарбек Ернар Ерланұлы қатысып, 70 келі салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды.
Біз өз тарапымыздан жас спортшыға жетістіктеріңіз көп болып, жеңіске деген ерік-жігеріңіз – спорттың биік шыңына жетелесін деп айтқымыз келеді

Басылым күні : 25.01.2023






