Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымы Түркия Президенті Әкімшілігінің басшысы көшбасшылық дәрісіне қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркия Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы Метин Кыратлы бастаған делегация арнайы келді. Құрметті мейман, заңгер, тәжірибелі дипломат Метин Кыратлы оқытушы-профессорлар мен студенттер алдында көшбасшылық дәріс оқыды.

Жиынды ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, бауырлас мемлекеттер қарым-қатынасының маңызына мән беріп, оқу орнының түркиялық әріптестермен тығыз ықпалдастықта екенін жеткізді.

Метин Кыратлы екі ел арасындағы қарым-қатынастың бауырластық негізде жалғасарына сенім білдіріп, әсіресе ғылым мен білім саласындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға шақырды. Осыған дейін Түркияда Қазақстаннан білім алған 25 мың жастың екі ел арасындағы алтын көпір боларын алға тартты. Сондай-ақ қайраткер оқытушылар мен студент-жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Көшбасшылық дәріске Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Меирбаев Бекжан Берікбайұлы, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Аманқұл Темур Оралбайұлы, оқытушы Мажен Ернар Қалмаханұлы, оқытушы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы, докторант Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы қатысты.

Кездесу соңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесі шешімімен Жансейіт Түймебаев Метин Кыратлыға «Құрметті профессор» атағын табыстады.

Басылым күні :  16.12.2022