«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты тәрбиелік сағат

9-желтоқсан күні философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Серғазы Кудайбергеновтың ұйымдастыруымен мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тәрбиелік сағат өтті. Іс-шара барысында Еліміздің тәуелсіздік  алу жолындағы ата-бабаларымыздың  ерлігін  паш ету, студенттермен желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан  оқиғасына қатысқан аға-апалардың  ерлігін талқылап, туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігі мен сезімдері туралы сөз қозғалды.


Басылым күні :  12.12.2022