Визит профессор Джонатан Махоней (Jonathan Mahoney)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қысқа мерзімді бағдарламалар аясында PhD доктор, Канзас мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Джонатан Махоней (Jonathan Mahoney) шақырылды. Ол дінтану және мәдениеттану кафедрасында 01.12.2022-28.12.2022 г. арасында «The Politics of Religious Freedom: Liberalism, Toleration and Muslim Majority Societies» дәрістер курсын оқып, магистранттар мен докторанттарға консультациялар өткізеді.  

Джонатан Махонейдің зерттеу саласы: дін және толеранттылық, қазіргі философия тарихы, этика, халықаралық білім. Ол халықаралық рецензияланған журналдарда дін, болмыс, саясат және діни бостандық, зайырлылық, адам құқықтары және т.б. Ол келесі халықаралық жобалардың иегері: Халықаралық Фулбрайт гранты (Қырғызстан Республикасы, 2018-2019, 2014-2015 ж.), Білім саласындағы халықаралық сыйлық (2016 ж.), Халықаралық бірлескен оқу гранты (KSU): курс үшін бірлескен оқытуды құру. Қырғызстан және Канзас мемлекеттік университетінде курс (2016 ж. жазы), Орталық Азиядағы саясатқа арналған конференцияға АҚШ елшілігінің гранты (Түрік Мана университеті, 2015 ж. маусымы) және т.б. Алдағы жарияланымдар: «Үйлену тойлары және мұсылмандар: діни бостандық және Американдық заң тәжірибесіндегі саясат», «Плюрализм және толеранттылық». Сонымен қатыр «Исламтану» мамандығының 1 курс докторанттары Шанбаева А., Мұқан Н. (2022-2025 оқу жылы) шетелдік ғылыми кеңесшісі болып табылады.



Басылым күні :  11.12.2022