«Желтоқсан желі» атты іс-шара

9-желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1-курс студенттерімен ұйымдастырылған ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан желі» атты іс-шара өткізді. Аталған іс-шарада Тәуелсіздік қазақ халқына оңайлықпен келмегенін «Жастардың алаңға шығуы», «Қайраттың хаты» атты сахналық көріністер көрсетілді.

Бұл іс- шарада Отан-Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білу керектігі жайында айтылды.  

Ұйымдастырушылар: эдвайзер Мұқан Н., Кудерина А.Н., дінтану және мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттері.

Басылым күні :  10.12.2022