Студенттер «Қос мұңлық» қойылымына барды.

7 желтоқсан күні Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының дінтану мамандығының 1-курс студенттері «Алатау» дәстүрлі өнер театрында сахналанған «Қос мұңлық» қойылымына барды.

Қойылым қоғамдағы қарттар мәселесін сөз қозғайды. Актерлар жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп болғандығын айқындап көрсете білді.

Басылым күні :  10.12.2022