Студенттер “Қаш” фильмін тамашалады
6 желтоқсан күні Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кудерина Айжан Нұрхамитқызы мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттерімен бірге этно-хоррор жанрында түсірілген “Қаш” фильмін тамашалады. Оқиға 1930-шы жылдардағы ашаршылық кезеңінде өрбиді. Басты кейіпкер қабір қазушы Исатайға күрделі таңдау беріледі. Оның жасаған таңдауы бүтін бір ауылдың тағдырын шешпек.

Басылым күні : 10.12.2022






