«Айналаңды нұрландыр»
2022 жылдың 27 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы оқытушылары, PhD доктор, Малайя университетінің (Малайзия) профессоры, ислам тарихы және өркениеті кафедрасының меңгерушісі Мохд Рослан Мохд Нор (Mohd Roslan Mohd Nor) Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында балет кешін тамашалады.

Опера және балет театрында өткен балет кеші балет труппасының жетекшісі Гүлжан Тұткібаеваның шығармашылығының 40 жылдығына арналды. Балерина әрі балетмейстер, Қазақстанның халық әртісі, шетелге танымал қазақ балет өнерінің санаулы өкілдерінің бірі Түткібаева шәкірттері мен тәрбиеленушілерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD, аға оқытушылар Альджанова Н.К., Мұқан Н.







