«Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел» атты тәрбиелік іс-шара

5-желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті 123 аудиторияда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, доцент м.а., PhD Мұқан Нұрзат дінтану мамандығының 1-курс студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлықсыз ел-гүлденген ел» атты тәрбиелік іс-шара өткізді. Бұл танымдық іс-шарада студенттер сыбайлас жемқорлықсыз жаңа Қазақстан қандай болар еді, біз қандай мақсатқа ұмтылуымыз керек деген ойларымен бөлісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көптеген маңызды ақпараттар алды.

Басылым күні :  06.12.2022