«Жемқорлық қоғам індеті» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

1-желтоқсан күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Тунгатова У.А. және дінтану мамандығының 2-курс студенттерімен «Жемқорлық қоғам індеті» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шарада жемқорлыққа қатысты мәліметтер беріліп, презентация қорғалып, видеолар қаралып, көрініс көрсетілді. Тақырып жан-жақты талқыланып, болашақта жастарға мұндай іс-әрекеттерге бармауға қатысты ұсыныстар айтылып, студенттер де жеке көзқарастарын білдірді.

                 

Басылым күні :  02.12.2022