Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуының кедергісі

28.11. 2022 ж. «Дінтану» мамандығының 4-курс студенттері куратор-эдвайзері Қаңтарбаева Жанна Уринбасаровнаның басшылығымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуының кедергісі» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Студенттер сыбайлас жемқорлық ісінің заңнамалық негіздерін атап өтіп, сыбайлас жемқорлықтың адамгершілік-этикалық аспектілерін талқылады. Сондай-ақ, студенттер Қазақстанның әрбір азаматының жауапкершілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

Басылым күні :  01.12.2022