«Толеранттылық – конфессияаралық қатынастардың негізі»

16.11.2022 ж. Халықаралық толеранттылық күніне орай «Дінтану» мамандығының 4 курс студенттері куратор-эдвайзерлері Қаңтарбаева Жаннаның ұйымдастыруымен «Толеранттылық – конфессияаралық қатынастардың негізі» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізілді. Толеранттылық – поликонфессионалды және полимәдениетті заманауи қазақстандық қоғамда өзара сыйластық пен өзара құрметке негіздейтін, тұрақтылық пен тыныштықты сақтайтын негізгі фактор ретінде қарастырылды. Студенттер этноконфессионалды қатынастар туралы баяндамалар оқып, мәселені талқылап, танымдық жұмбақтар шешті. Жалпы шара өте қызықты өтті.

Басылым күні :  29.11.2022