Тәні саудың – жаны сау
2022 жылғы 25 қазан күні әл – Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Дінтану» мамандығының 4 курс студенттері,. "Тәні саудың – жаны сау" жобасы аясында студенттер тауға шығып, табиғаттың сұлулығынан ләззат алып, сол жерде шағын сенбілік ұйымдастырып, өз үлестерін қосып қайтты. Куратор-эдвайзер Ж. У. Кантарбаеваның бастамасымен өткен бұл іс-шарада студенттер Іле Алатауының әдемі табиғатын тамашалап қана қоймай, денсаулық, салауатты өмір салты, жұқпалы аурулардың қауіптілігі, коронавирус және т. б. тақырыптарда әңгіме өрбітті.

Басылым күні : 25.11.2022






