Қазақстандағы қасиетті мекендер

17.11.2022ж 4 курс Дінтану мамандығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы қасиетті мекендер» тақырыбында кураторлық сағат өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл шарада Қазақстандағы тарихи – мәдени ескерткіштеріне, қасиетті мекендерге және де оның жіктелуіне сипаттама берілді.

Еліміздегі қасиетті мекендер біздің ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Және де ол біздің мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді, ұлттық кодымызды нығайтады. Сол себептен де бұл тарихи ескерткіштерімізді ұрпақ санасына жеткізу маңыздылығы ерекше аталып өтілді.

Жетекші: 4 курс Дінтану мамандығының куратор-эдвайзер-эдвайзер Қаңтарбаева Ж.У.      

  

Басылым күні :  22.11.2022