«Өркениет ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби» атты республикалық байқау
17 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Философия кафедрасының Бүкіләлемдік философия күніне орай ұйымдастырған «Өркениет ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби» атты республикалық шығармашылық байқауына Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мұқан Нұрзаттың жетекшілігінде дінтану мамандығының 1-курс студенттері қатысып, ынталандыру сыйлығына ие болды.

Студенттер тәрбиелік іс-шара арқылы шоқтығы биік Әбу Насыр әл-Фарабидың балалық шағынан, ғалым ғұламамыздың өмірінен жақсы мәліметтер алды.

Басылым күні : 21.11.2022






