Цукуба университетінің профессоры Такаши Ниномиямен кездесу
15-қарашада Философия және саясаттану факультеті 123-аудиторияда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кудерина Айжан Нұрхамитқызының ұйымдастыруымен Цукуба университетінің профессоры Такаши Ниномиямен студенттердің кездесу өтті. Кездесуге мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттері қатысты. Пайдалы әрі танымдық кездесу барысында студенттер жапон мәдениетімен танысып, оны қазақ мәдениетімен салыстырды. Студенттер жаңа әрі қызықты мәліметтер ала отырып, оны талдады. Студенттерге ғалымның тіл ғылымына деген сүйіспеншілігі тәнті етті.

Басылым күні : 17.11.2022






