«Жетінші күн адвентистері» діни бірлестігінің басшысымен және өкілдерімен кездесу

9-қарашада Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы жетекшілігімен Дінтану мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен «Жетінші күн адвентистері» діни бірлестігінің басшысымен және өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Жетінші күн адвентистері» діни бірлестігінің мүшелері өздерінің ілімі, құлшылық негіздері туралы мәліметтермен бөлісті әрі олардың Алматы қаласындағы қызметтері жайында бейнероликтер көрсетті. Тәжірибелік зерттеу негізінде студенттер тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, мазмұнды сұхбат жүргізілді.

Басылым күні :  11.11.2022