Студенттер «Сен және мен» пьесасы қойылымына барды

22 қазанда Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының «7M03106 Мәдениеттану» мамандығының 1–курс магистранты Курмангалиев Ильяс Гумурскаулы педагогикалық практика аясында мәдениеттану мамандығының 3 курс студенттеріне тәрбиелік іс-шаралар аясында Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барды.

Театрда драматургтер Ұлан Болатбек пен Әлішер Рахаттың «Сен және мен» пьесасы қойылды. Қойылымның режиссері Шаған Үмбетқалиев. Қарттар үйінің тұрғындары мен балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өмірі туралы пьеса студенттердің эмоционалды реакциясын тудырды. Пьесаны талқылау барысында студенттер сюжеттің мәнін, әзіл-оспағын және өзіндік ерекшелігін атап өтті.

Басылым күні :  11.11.2022