«Мәдениеттану майталманы» атты ашық сабақ

8 қараша күні Философия және саясаттану факультеті 126 аудиторияда Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кудерина Айжан Нұрхамитқызы мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттеріне «мәдениеттану апталығы» аясында Ғабитов Тұрсын Хафизұлының шығармашылығына арналған «Мәдениеттану майталманы» атты ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында студенттер ғалымның өмірімен танысып, еңбектеріне талдау жасап, халқымыздың бай мәдени мұрасын жаңғыртуға қосқан зор үлесін бағаланды.

Тұрсын Хафизұлының ғылыми шығармашылығының басты бағыты және оның танымал еңбектері, соның ішінде 200 ге жуық ғылыми жұмыстары, 50 ге жуық жеке монографиясының басым көпшілігі мәдениеттану ғылымына, қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясына арналған. Тұрсын Хафизұлы жетекшілігімен 9 философия ғылымдарының докторы, 40-ға жуық ғылым кандидаттары даярланып шыққан.

Басылым күні :  11.11.2022