«Бахаи» діни бірлестігінің басшысымен және өкілдерімен кездесу
2022 жылдың қазан айының 5 жұлдызында Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Дінтану» мамандығының 3 курс студенттері кафедра профессоры м.а. К.М. Бишманов жетекшілігімен «Бахаи» діни бірлестігінің басшысымен және өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында «Бахаи» діни бірлестігінің мүшелері өздерінің ілімі, құлшылық негіздері туралы мәліметтермен бөлісті әрі олардың Алматы қаласындағы қызметтері жайында бейнероликтер көрсетті. Тәжірибелік зерттеу негізінен студенттер тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, мазмұнды сұхбат жүргізілді.

Басылым күні : 09.11.2022






