«Дос-Мұқасан» фильмі туралы ой-талқы
2022 жылдың 4 қарашасы күні дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Каупенбаева Самал Мұхаметәліқызы 2 курс мәдениеттанушылармен бірге аты әлем елдеріне белгілі болған "Дос-Мұқасан" ансамблі туралы қойылған фильмді ой-талқыға салды. Бір қызығы, ансамбльдің тарихы посткеңесттік кезеңде бастау алып, өткен ғасырдың аяғында өте танымал болғанына қарамастан, қазіргі жастар арасында «Дос Мұқасан» әндеріне деген қызығушылық өте жоғары деңгейде екен. Ой-талқы барысында мәдениеттанушы студенттер фильмнің сценарийі, актерлердің рольдерді орындау шеберлігіне тәнті болғандарын да жасырмады. Іс-шара соңында 2 курс студенттері Баймерден Темірлан мен Мухамеджанов Нұрсултан «Дос Мұқасан» ансамблінің «Той жыры» әнін орындады.

Басылым күні : 04.11.2022






