«Қазақ мәдениетінің тарихы» кітабын талқылау

2-қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті 116 аудиторияда дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы мәдениеттану 4-курс студенттерімен бірге «Мәдениеттану апталығы» аясында «Қазақ мәдениетінің тарихы» кітабын талқылау іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шарада оқулықта қазақ мәдениетінің рухани-этикалық, діни және әлеуметтік құндылықтарына, олардың тарихи дәуірлер арасын жалғастырушы сабақтастық рөліне және тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің бүгіні мен болашағына феноменологиялық, тарихи және мәтіндік талдау жасалғаны жөнінде айтылды.

Басылым күні :  02.11.2022