Айналаңды нұрландыр

2022 жылдың 29 қазан күні әл-Фараби ат. ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы оқытушылары, студенттері, Тренто Университеті (Италия) профессоры Сара Хеджази (Sara Hejazi) Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайына барып қайтты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайы – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда мұражайда тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар келушілерге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Жалпы мұражай экспозициясы қазақтардың бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі ұсынылған көрнекті моделі болып табылады.

Іс-шара аясында алтыннан, күмістен, қоладан жасалған түпнұсқа заттар және сақ мәдениеті мұрасының басқа да артефактілері қаралды. Залда ең күшті әсер қалдыратын үш керемет диорама болды: "Қарабайыр қоғам"," Берел қорғанында патшалық жерлеу", "XIX ғасырдағы қазақтардың өмірі: этнографиялық сюжет". Диорамалар әр түрлі кейіпкерлер мен жиынтықтарды ерекше дәлдікпен толықтырылған.

Ұйымдастырушы: дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD, аға оқытушы Альджанова Н.К., философия кафедрасының профессоры Сағиқызы А., 1 курс “Мәдениеттану” мамандығының докторанты Алибаева А.Н.

Басылым күні :  01.11.2022