Жаны саудың тәні сау

2022 жылдың 30 қазан күні әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының қызметкерлері және студенттері «Жаны саудың тәні сау» жобасы аясында Тренто Университеті (Италия) профессоры Сара Хеджазимен (Sara Hejazi) бірге Шымбұлақ тау-шаңғы кешеніне барды. Кафедраның ұйымдастыруымен өткен іс-шарада профессор Сара Хеджази діни символика, заманауи өнер және дін, көшпенді қазақ мәдениеті және т.б. еркін тақырыптарда әңгіме өрбіді. Іле Алатауы, Тянь-Шань шатқалының беткейлерін тамашалап, таза ауада серуендеп қайтты.

Ұйымдастырушы: дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD, аға оқытушы Альджанова Н.К., философия кафедрасының профессоры Сағиқызы А., 1 курс “Мәдениеттану” мамандығының докторанты Алибаева А.Н.

Басылым күні :  01.11.2022