Мұражайға саяхат
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызының жетекшілігімен және докторант Сарсенгали Ботагөз Жасұланқызы Исламтану және Дінтану мамандығының 2 курс магистранттарына 22 қазан күні сағат 14.00-16.00 аралығында ҚР Республика күніне орай, Орталық мемлекеттік мұражайына саяхат ұйымдастырды.
Іс-шара мақсаты - ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау арқылы студент жастар бойында патриотизм, отаншылдық сезімдерін дамыту.

Басылым күні : 27.10.2022






