Студенттер «Ван Гог. Тайны гения или безумца» көрмесіне барды
Алматы қаласында орналасқан «Vekarta» галереясында Нидерланд кескіндемешісі, импрессионизмнен кейінгі кезеңнің ең көрнекті өкілдерінің бірі - Винсент Виллем ван Гогтың «Ван Гог. Тайны гения или безумца» көрмесі өтуде. Аталған көрмеге 24 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кудерина Айжан Нұрхамитқызы және мәдениеттану мамандығының 1,3 курс студенттері барды.
Көрмеде шебердің әйгілі сюжеттері де, аса кең танымал болмаса да, бірақ үздік картиналарды көруге болады. Олардан Ван Гогтың суретші ретіндегі бүкіл шығармашылық жолын байқауға болады

Басылым күні : 26.10.2022






