ҚР Президенті жолдауын талқылау

 19 қазанда Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Ержан З.М. мәдениеттану мамандығының 4-курс студенттерімен арнайы кездесу өткізіп, жолдаудың негізгі тезистерін талқылады. Студенттердің жастар саясатын жүзеге асырудың қадамдары және жастарды жұмыспен қамту; «Балаларға арналған ұлттық қор» жаңа бағдарламасын қалыптастыру, сайлау жүйесіндегі өзгерістер туралы тезистер ерекше қызығушылығын тудырды.

Пікірталас барысында студенттер елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтындықтарын айтып, Президент жолдауында айтылған міндеттер қазақстандықтарды әділ әрі берекелі қоғам құру жолында біріктіруге қызмет ететініне сенім білдірді.

Басылым күні :  23.10.2022