«Азаматтық ізгі қоғамды қалыптастыру» жобасы аясында іс-шара

09 қазан күні жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Омирбекова Алия Омирбековна және мәдениеттану мамандығының 1 курс магистранты Оралқұл Әли Саинұлы «Азаматтық ізгі қоғамды қалыптастыру» жобасы аясында іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: студенттер арасында ізгі қоғам құру, азаматтық ұстанымдарын нығайту, ұлттық мәдениетті насихаттау. Іс-шара барысында мәдениеттану мамандығының 2 курс студенттерімен Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барды. Студенттер «Аида-сюита» атты Джузеппе Вердидің балетті операсын тамашалады. Театрда өзін-өзі ұстау мәдениетімен танысып, балеттен жақсы әсер алып шықты.

Басылым күні :  23.10.2022