«Республика күні» атты кураторлық сағат
21-қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы мәдениеттану мамандығы 3-курс студенттеріне «Республика күні» атты кураторлық сағат өтті. 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ кеңестік социалистік республикасы Жоғарғы кеңесінің жарлығымен Қазақ кеңестік социалистік республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. Сол сәттен бастап Егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Кураторлық сағаттың мақсаты-студенттерге қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы екенін түсіндіру.

Басылым күні : 21.10.2022






