Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

29.09.2022 Философия және саясаттану факультеті Дінтану мамандығының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс-шара өткізді. 4 курс студенттері куратор-эдвайзер, аға оқытушы Ж.У. Қаңтарбаеваның жетекшілігімен өткен іс-шарада тіл туралы өлеңдер оқып, тілге байланысты мақал-мәтелдер айтумен жарыстар, жұмбақ шешу ойындары өткізілді. Осылайша шараға қатысушылар ана тілімізге деген өздерінің дұрыс азаматтық ұстанымдары мен құрметін көрсетті.

Басылым күні :  19.10.2022