Студенттер "Аида-Сюита" балет операсын тамашалап қайтты

09 қазан күні Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранты Сатыбалдина А.Т. мәдениеттану мамандығының 2 курс студенттерімен бірге тәрбиелік іс-шарасы аясында "Аида-Сюита" балет операсын тамашалап қайтты. Балет операсы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында қойылды.

Джузеппе Вердидің музыкасы бойынша «Аида-Сюита» балет операсы адалдық пен борыш сезімі туралы тамаша махаббат хикаясы. Ол сондай-ақ жарқын түстермен және керемет дыбыспен толтырылған әдемі және әсерлі балет.

Басылым күні :  19.10.2022