Бірлік, татулық, тұтастық

2022 жылдың 18-қазанда “Рухани келісім" күніне орай куратор-эдвайзер Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызының жетекшілігімен 4-курс дінтану мамандығының студенттері “Вон-буддизм” мен “Иса Мәсіхтің соңғы күн әулиелері” бірлестіктерінің өкілдерімен «Бірлік, татулық, тұтастық» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында сұрақтар қою арқылы тақырып талқыланып, қазіргі қазақстандық қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықтың өзектілігін сақтау мақсатында дінаралық сұхбаттың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Басылым күні :  18.10.2022