Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұжымы сенбілікке қатысты

8-қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалпыуниверситеттік сенбілік өтті. Тазалық жұмысына әр факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен белсенді студенттер қатысты. Аталған іс-шараға Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұжымы да өз үлесін қосты. Олар факультет ғимараты аумағына тазалау жұмыстарын жүргізді.

Басылым күні :  08.10.2022