«М.Әуезов әлемі» атты кураторлық сағат

28-қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы мәдениеттану мамандығы 4-курс студенттеріне «М.Әуезов әлемі» атты кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат-М.Әуезовтың 125 жылдығына орай, оның шығармашылығына арналып отыр. М.Әуезов -ХХ ғасырдың әсемдігімен, ғажайып әсерлілігімен сиқырлы, қайталанбас ұлы құбылысына айналды. Әуезов мұраларынан алатын тағылым ұшан-теңіз. Жазушы шығармаларында өз халқының тыныс-тіршілігін, қам-қарекетін, аяулы арманы мен нұрлы үмітін, тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынып бере білген суреткер.

Басылым күні :  28.09.2022