«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі» атты кураторлық сағат

16-қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы мәдениеттану мамандығы 3-курс студенттеріне «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі» атты кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта сьезд қорытындысы бойынша «Білім мен діни ағартудың діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүру және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі» секциясы талқыланды. Жастарды діни ағарту мәселесінде, қоғамдағы түрлі рухани-мәдени және этностық келіспеушіліктерді еңсеруде білім беру әлеуетін пайдалану мәселесі сөз болды. Студенттер де өздерінің пікірін білдірді.

Басылым күні :  16.09.2022