ҚР Президенті жолдауы талқыланды

14-қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы мәдениеттану мамандығының 4-курс студенттеріне ҚР Президент жолдауына байланысты ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында жолдаудың халық болашағына маңыздылығы және жолдаудағы маңызды мәселелер талқыланып, пікірталас ұйымдастырылды.

Басылым күні :  15.09.2022