«Мәдениеттану мамандығының өзектілігі» тақырыбында көшбасшылық дәріс
5-қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттеріне арналған бағдар беру апталығы аясында «Мәдениеттану мамандығының қыр-сыры» атты көшбасшылық дәріс өтті. Оқудың алғашқы күндерінен-ақ студенттер көшбасшылық дәрістерден бағыт бағдар алып, жаңа білім, жаңа көзқарасқа ие болуда. Лектор кафедра оқытушысы, мәдениеттану магистрі Айтенова Альфия Аманжолқызы өткізген дәрісте болашақ мәдениеттанушыларға айтарлықтай пайда тигізді. Онда ең алдымен, мамандықтың түп - тамыры, тарихы, мақсаты түсіндірілді. Мәдениеттану мамандығы философиядан бастау алғандықтан, барлық саламен байланысын түсінді. Сабақ қызықты өтуі үшін, лектор өзінің еңбек жолындағы тәжірибесімен де бөлісті. Студенттерге алда болатын оқу үдерісімен таныстыра отырып, соған орай кеңестерін берілді. Қорыта айтқанда, бірінші курс студенттеріне арналған кіріспе сабақтар ойдағыдай, сәтті жүргізілуде.







