ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды
2022 жылдың 2 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.
Талқылау барысында осы жолдаудың негізі түсіндіріліп, басты жаңалықтары және қоғамға тигізер пайдасы жөнінде сөз қозғалды. Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда жас ғалымдардың да қосатын үлесі зор екендігі анық. Осындай талқылаулар барысында жаңашылдыққа деген жаңа қадам жасалады. Еліміздің экономикалық, мәдени және әлеуметтік тұрғыдан алға іргелілеуіне осы жолдау өз септігін тигізері сөзсіз.

Басылым күні : 03.09.2022






