«Green campus» жобасы аясында өткізілген іс-шара

10 маусым күні Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, өндірістік практика жетекшісі Сарсембаев Руслан Мейіржанұлы және кафедраның аға оқытушысы Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы және дінтану мамандығының 3-курс студенті Сеитнұр Аяжанның ұйымдастыруымен «Green campus» жобасы аясында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылы Жоламан мешіті ауласында саябақтарға көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Көгалдандыру жұмыстарына ауыл жастары мен тұрғындары атсалысты. Бұл жоба жастардың бойында әлеуметтік, экологиялық жауапкершілікті қалыптастырады.

Басылым күні :  29.06.2022