Денсаулық-өмір тірегі
15 маусым күні Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, өндірістік практика жетекшісі Сарсембаев Руслан Мейіржанұлы және кафедраның аға оқытушысы Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы және дінтану мамандығының 3-курс студенті Сеитнұр Аяжанның ұйымдастыруымен «Тәні саудың-жаны сау» жобасы аясында «ZOOM» платформасында «Денсаулық-өмір тірегі»» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара барысында денсаулықтың маңызы, адам денсаулығын күтуі, дұрыс тамақтануы, салауатты өмір салтын ұстануы жайлы тақырыптар қозғалды. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп қоғам үшін де керек. Жалпы, бұл іс-шара барысында пікірталастар болды.
Басылым күні : 29.06.2022






