Терроризм-қоғамға төнген қауіп

24 маусым күні Философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, өндірістік практика жетекшісі Сарсембаев Руслан Мейіржанұлы және кафедраның аға оқытушысы Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы және дінтану мамандығының 3-курс студенті Сеитнұр Аяжанның ұйымдастыруымен «Азаматтық ізгілік қоғамын қалыптастыру» жобасы аясында «ZOOM» платформасында «Терроризм-қоғамға төнген қауіп» тақырыбында іс-шара өтті. Бұл іс-шарада терроризм туралы жалпы түсінікке, терроризм түрлеріне, терроризмнің алдын алу шаралары мен Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасы талқыланды.

Басылым күні :  29.06.2022