Мамандық таңдау – болашақты талдау
23 маусым күні Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қаласындағы бөлімшесі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет орталығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге Алматы қаласындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары келіп қатысты. Осы тестілеу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы, Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы Алматы қаласы Қ.Сәтбаев атындағы №56 гимназиясының оқушыларына «Дінтану» «Исламтану» «Мәдениеттану», мамандығы жайлы ақпарат беріп, талапкерлерге мамандық таңдауға көмектесті.

Басылым күні : 23.06.2022






