Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі

14 маусым күні Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қаласындағы бөлімшесі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет орталығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге Алматы қаласындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары келіп қатысты. Осы тестілеу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы, Алибаева Айнұр Назарқызы, Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы Алматы қаласы №122 жалпы білім беретін оқушыларына «Дінтану» «Исламтану» «Мәдениеттану», мамандығы жайлы ақпарат беріп, талапкерлерге мамандық таңдауға көмектесті

Басылым күні :  14.06.2022