Мамандық таңдау маңызды іс
13 маусым күні Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қаласындағы бөлімшесі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет орталығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге Алматы қаласындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары келіп қатысты. Осы тестілеу барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Алибаева Айнұр Назарқызы Алматы қаласы №9 жалпы білім беретін оқушыларына «Дінтану» мамандығы жайлы ақпарат беріп, талапкерлерге мамандық таңдауға көмектесті

Басылым күні : 14.06.2022






